Басты бет Жаңалықтар Елімізде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 20 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қайтыс болғандар арасында 18 адамда коронавирус, 2 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

1 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 141 347 адам (–140 015+ және 1 332 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 10 551 науқас стационарда, 130 796 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

423 науқастың жағдайы ауыр,
165 науқастың жағдайы өте ауыр,
90 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Exit mobile version