Басты бет Қоғам Президенттің Алматы әкімін тағайындау туралы жарлығы шықты

Президенттің Алматы әкімін тағайындау туралы жарлығы шықты

Ерболат Досаев Алматы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Ерболат Досаев. Фото: Mln.kz

Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босатылды.

Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.

Президент Алматының қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаевты «басқа қызметке ауысуына байланысты» қызметінен босатты.

Бақытжан Сағынтаевтың қандай қызметке баратыны туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен сұрадық, бірақ әзірше жауап жоқ.

Exit mobile version