Басты бет Жаңалықтар Lufthansa Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

Lufthansa Қазақстанға рейстерді қайта бастайды

Биылғы жылы 7 ақпаннан бастап «Lufthansa» неміс әуе компаниясы Франкфурттан Нұр-Сұлтан мен Алматыға орындалатын рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Фото: Reuters.com

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Рейстерді компанияның А330 әуе кемелері аптасына 2 рет орындайды.

Франкфурт — Алматы бағыты бойынша рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Алматы — Нұр-Сұлтан — Франкфурт бағыты бойынша рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады,- делінген хабарламада.

Exit mobile version