Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқу әдісін енгізуді жоспарлап отыр. Біз жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады, — деді вице-министр министрліктің алқа отырысында.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында білім алу үшін берілетін грант саны 5 мыңға ұлғайтылады. Оның 60%-і техникалық мамандықтарға бөлінеді.