Бұл туралы Оралдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы баспасөз қызметі хабарлады.
Онлайн форматта өткен шараға БҚО әкімінің міндетін атқарушы А.К.Өтеғұлов, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Е.Мақсотов, Орал және аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары мен өңір кәсіпкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы Қазақстан Республикасы президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеудің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарының 88-тармағына сәйкес дайындалды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың пәрменді моделі қалыптасты, ол қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық және озық шетелдік тәжірибені ескере отырып ұдайы жетілдіріліп отырады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңның қабылдануымен 2015 жылдан бастап алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың теңгерімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі құрылды, — деді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту арқылы және оның кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруға азаматтық қоғам өкілдері белсенді түрде тартылып жатыр. Бизнес үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша бірқатар шаралар ұсынылады.
Бұл келісім-шарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер, компаниялардың бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтимал сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына қаржыландыру арқылы ақша адамның соңынан ереді қағидатын одан әрі дамыту маңызды,- делінген хабарламада.
Бөлінген сәттен бастап игерілгенге дейін «ақшаны бояу» қағидаты бойынша бюджет қаражатын сүйемелдеуді енгізу ұсынылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру және халықаралық ұсынымдарға сәйкес тұжырымдама жобасы әзірленді.
Айта кетейік, егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа аласыз.