Басты бет Қоғам Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясын өшіру бойынша комиссия құрылды

Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясын өшіру бойынша комиссия құрылды

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Энергетика министлігі

Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға себеп болған КЕGOC АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және даму себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды,  — делінген хабарламада.

Тексеріс нәтижелері бойынша технологиялық бұзушылықтарға алдыңғы уақытта жол бермеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленеді.

Еске салайық, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкентте электр энергиясы авариялық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.

Exit mobile version