Басты бет Қоғам Нұр-Сұлтанда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

Нұр-Сұлтанда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

27 қаңтардан бастап астанада лаңкестік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі алынады.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанның терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының өкілі қалада жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

Қабылданған шешім бойынша 27 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қала аумағында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алынады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті, — делінген хабарламада.

Ведомство азаматтарға түсіністік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Еске салайық, 26 қаңтардан бастап Алматыда лаңкестік қауіптің «қызыл» деңгейі алынатыны хабарланған еді.

Exit mobile version