Басты бет Жаңалықтар Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келді

Елімізде ішкі әуе рейстері толық қалпына келді

Қазақстанда ішкі әуе рейстері толық қалпына келді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Фото: Reuters.com

Ел аумағында төтенше жағдай режімінің алынып тасталуына байланысты ішкі әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта 57 ішкі бағытта 605 тұрақты рейс орындалып жатыр,- делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай кезінде ұшпай қалған әуе рейстерінің жолаушылары билет құнын толықтай қайтарып немесе сатып алған жерлеріне барып, басқа күндерге тегін ауыстыра алады.

Елдегі эпидемиология ахуалына сәйкес әуе рейстері Қазақстан Республикасының көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес орындалады, — делінген ведомство ақпаратында.

Exit mobile version