Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитеті хабарлады.
2021 жылғы 7 желтоқсанда берілген өтінішке сәйкес, оның жеке өтініші бойынша 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры ретіндегі өкілеттігі тоқтатылады. Ол Қазақстанның авиация әкімшілігі құрылғаннан бері 2 жылдан аса жұмыс істеп, авиация реттеушісінің дамуына үлкен үлес қосты, — делінген хабарламада.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Линда Орлэди «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры міндетін уақытша атқаратын болады. Ол 2019 жылғы желтоқсаннан бастап бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы қызметін атқарып келді.