Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев қандай жағдайда еліміз ілгері жылжитынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қандай жағдайда еліміз ілгері жылжитынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжитынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Ол бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1485974529268662275

Еске салайық, бұған дейін президент Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайтынын, еліміз саяси жаңғыруға негізделген бағытын ешқашан өзгертінін жазған еді.

Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі, — деп жазды президент 20 қаңтардағы твитінде.

 

Exit mobile version