Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы еңбек етіп жүр

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы еңбек етіп жүр

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 932 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жатыр.

Фото: Qazaqstan.tv

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шетел азаматтарының жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 635 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 206 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған шетел азаматтарының жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 827 адам және 745 адам.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланатын 1 779 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі:

  • Қытай – 3 738 адам,
  • Түркия – 1 979 адам,
  • Үндістан – 1 228 адам,
  • Ұлыбритания – 1 019 адам,
  • Өзбекстан – 427 адам.

Exit mobile version