Басты бетЖаңалықтарПремьер-министр: Бизнес...

Премьер-министр: Бизнес жұмысына бөгет жасамауымыз керек

Өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. Түркістан облысынан басқа өңірдің бәрі «қызыл» аймақта. Вирустың ең көп таралуы Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және астанамызда тіркеліп отыр. Эпидемиология ахуалын әрі қарай бақылауда ұстау қажет, — деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Атамекен» палатасымен бірге мемлекет басшысының бизнеске арналған карантин шектеулерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, тисті іс-шараларды әзірлеуі керектігін атап өтті.

Бизнестің жұмысына бөгет жасамай, туындаған проблемаларды бірлесіп шешуіміз керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакциналау және ревакциналау жұмыстарын күшейтуі тиіс, — деді премьер-министр.

Премьер-министр жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.