Басты бет Білім 37 мың, 87 мың, 195 мың. Қазақстанда студенттердің стипендиясы көбейеді

37 мың, 87 мың, 195 мың. Қазақстанда студенттердің стипендиясы көбейеді

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15% көбейеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20% өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін көбейеді, – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Еске салайық, былтыр, 2021 жылы қыркүйек айында бакалавриат студенттерінің стипендиясының мөлшері 20%, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15% көбейген еді.

Қазір студенттердің стипендиясы — 31 423 теңге, магистранттардікі – 76 950 теңге, докторанттардікі – 172 500 теңге.

Exit mobile version