Басты бет Қоғам Ибулла Серді QazaqGaz басшысының міндетін атқарады

Ибулла Серді QazaqGaz басшысының міндетін атқарады

QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтындағы құжатта айтылады.

Ибулла Серді. Фото: Kaztransgas.kz

QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

— Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;

— Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С., — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Шәріпбаевтың QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Exit mobile version