Басты бет Жаңалықтар Измирде MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесі өтеді

Измирде MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесі өтеді

Түркияның Измир қаласында 2017 жылдың 1-5 наурызы аралығында MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесі өтеді. Көрмеге әлемнің 32 елінен келетін 1200-ге жуық өкіл қатысады. атысушы 5 күн бойы әлемдік стандартқа сәйкес жиһаз шығаратын измирлік кәсіпорындармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

Халықаралық нарықта түріктердің жиһазы сапасы жағынан үлкен сұранысқа ие. 2003-2011 жылдар аралығында Түркияның жиһаз өнеркәсібі 292 пайызға өскен. Түркияның Жиһаз ассоциациясы түрік жиһазшылары алдағы 2-3 жылда әлемнің үздік ондығына енуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта түрік жиһаздары Ирак, Германия, Иран, Әзірбайжан, Франция, Түркіменстан, Нидерландтар, Ресей, Сауд Аравиясы мен Италияға экспортталады. Ал былтыр MODEKO-2016 жиһаз көрмесіне жалпы саны 32 мемлекеттен сатып алушы қатысқан. Ал биылғы шараға қатысушылар 5 күн бойы измирлік үздік кәсіпорындармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Бұл шара осымен 28-рет өткізілейін деп отыр.

Modeko-2017

Көрмеде классикалық, авангард, модерн және модульдық стильдегі жиһаздың қонақүй, ас үй, балалар мен жасөспірімдер бөлмесі, жатын бөлмеге арналған түрлері ұсынылады. Жұмсақ жиһазбен қатар орындық, үстел, шкафтың да түр-түрі сатып алушылардың көңілінен шығары анық.

Шараның басты демеушілері: Түркия Республикасы экономика министрлігі, Измир әкімдігі, Еге аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Измир Сауда палатасы т.б.

Измир – Түркияның батысында, Измир шығанағының жағалауындағы қала. Стамбұлдан кейінгі аса маңызды порт та осы қалада орналасқан. 8500 жылдық тарихы бар әсем қаланың туризм саласы да қарқынды дамыған. Табиғаты тамаша Измирде тарихи мұраға арналған мекендер көп. Шипалы термалды су, ыстық бұлақтар, жағажайлар, өзіндік асханасымен ерекшеленетін қалада халықаралық деңгейдегі көрме, фестиваль, жәрмеңкелер жиі өткізіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version