Басты бет Жаңалықтар Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген камералар қалпына келтірілді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген камералар қалпына келтірілді

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген бейнебақылау камералары қалпына келтірілді. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Фото: Bnews.kz

4-7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздіктер кезінде 75 «Сергек» кешені, бұл 304 бейнекамера, РТРК ғимаратында орналасқан орталық байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шығарылды. Барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді,- делінген хабарламада.

Жеке жүйесі бар 1 мың 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, шкафтар мен тарату жабдықтары істен шыққан.

Қазіргі уақытта бейнекамералар мен қондырғылар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Exit mobile version