Басты бет Жаңалықтар 2017 жылы қандай жолдар ақылы болады?

2017 жылы қандай жолдар ақылы болады?

2016 жылы «Астана-Щучинск» ақылы жолында жиналған қаржының көлемі 1 млрд. 251 млн. теңгені құрады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың екінші жартысында «Алматы-Қапшағай» және «Астана-Теміртау» екі учаскесінде ақылы жүйені енгізу жоспарланып отыр»,-деп атап өтілген компания хабарламасында.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2016 жылға арналған қорытындысы мәліметінде республикалық маңыздағы автожолдарда жол-көлік оқиғаларының төмендегені атап өтілді. 2013 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 12 пайызға азайып, сәйкесінше өлім-жітім де 16 пайызға төмендеді. 2015 жылға қарағанда, өткен жылы ЖКО деңгейі 9 пайызға кеміді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version