Басты бет Жаңалықтар Еуропарламент Қазақстандаға тәртіпсіздіктерге қатысты қарар қабылдады

Еуропарламент Қазақстандаға тәртіпсіздіктерге қатысты қарар қабылдады

Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстандағы соңғы наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау туралы қарарды басым дауыспен қабылдады.

Фото: Ria.ru

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Олар қарарда халықаралық тергеуді бастауға, сонымен бірге қазақстандық шенеуніктерге «адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін» ЕО режимі аясында санкциялар салуға шақырып отыр.

Құжатты дауыс берген 671 депутаттың 589-ы қолдаса, 35-і қарсы болды, 47-сі қалыс қалды. Еуропа парламентінің қарары міндетті түрде орындалуы шарт емес, бірақ ЕО институттары мен Еуропа елдері оларды назарға алады.

Еуропарламент депутаттары сонымен қатар Еуроодақ пен халықаралық қауымдастықты «елдегі екі апталық митингілер кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстарды халықаралық тергеуді дереу бастауға» үндеді.

Құжатта «Алматыда және Қазақстанның басқа елді мекендерінде «жоғалып кету», азаптау, негізсіз ұстаулар, мергендер арқылы адам өлтіру, бейбіт демонстранттарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жарақаттау туралы ақпараттарды» тергеу қажет делінген.

Exit mobile version