Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: Esp.md

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәліметі бойынша, қайтыс болғандардың алтауында коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген, біреуі пневмониядан қайтыс болған.

21 қаңтардағы жағдай бойынша 124 744 адам (123 205+ және 1 539 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 8 929 науқас стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

396 науқастың жағдайы ауыр,
88 науқастың жағдайы өте ауыр,
57 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Exit mobile version