Басты бет Жаңалықтар Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қорындағы жұмсалған қаржы ашық көрсетіледі

Болат Жәмішев: «Қазақстан халқына» қорындағы жұмсалған қаржы ашық көрсетіледі

«Қазақстан халқына» қорының өз сайты болады. Бұл туралы қор төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.

Болат Жәмішев. Фото: Даниал Оқасов

Оның айтуынша, сайтта жиналған және жұмсалған қаржыға қатысты деректер ашық көрсетіледі.

Қордың қамқоршылық кеңесіне қатысты да көп сұрақ туындап жатыр. Кеңес мүшелерін кім сайлады, неге халық талқысына салмады деген секілді. Қор мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Әрине, қорға қаржы аударған қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға оның қайда жұмсалып жатқанын білуге құқылы. Жиналған қаражаттың тиімді жұмсалуына қатысы Үкіметке де әлеуметтік жауапкершілік жүгі артылады. Сондықтан кеңес мүшелерін Үкімет бекітіп, бізге ұсынды. Өз басыма келсем, қор төрағасы ретінде қамқоршылық кеңес құрамында мен де бармын. Маған қор жұмысын ұйымдастыру, жүргізу міндеті жүткелген, — деді Болат Жәмішев «Хабар 24» арнасының «Ошакбаев LIVE» бағдарламасына берген сұқбатында.

Болат Жәмішев қоғамдық жұмыс халық үшін ашық түрде жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

Өз сайтымызды әзірлейміз. Қорға түскен әр теңге және оның қайда жұмсалғаны туралы есеп беріледі. Ол есеп сайтқа жарияланады. Қазір осы жұмысты ұйымдастырумен айналысып жатырмыз, — дейді ол.

Exit mobile version