Басты бет Жаңалықтар Алматы әкімдігі бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударады

Алматы әкімдігі бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударады

Алматы әкімдігі қызметкерлердің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қасым-Жомарт Кемелұлының 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісі отырысында берген тапсырмасын орындау аясында «Қазақстан халқына» атты әлеуметтік қор құрылып, қор басшысы тағайындалды. Осыған байланысты Алматы әкімдігі қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға жіберу туралы шешім шығарылды, — деді Бақытжан Сағынтаев.

  • Еске салайық, 11 қаңтарда Мәжілісте сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.
  • «Қазақстан халқына» қорына кімдер міндетті аударым жасайтыны белгілі болды.

Exit mobile version