Басты бет Қоғам Алматыдағы толқулар кезінде 149 адам қаза болған

Алматыдағы толқулар кезінде 149 адам қаза болған

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов қаладағы толқулар салдарынан 149 адам қаза тапқанын айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазіргі күні 149 азамат қаза тапты, оның ішінде 11-і құқық қорғау органының қызметкері, — деді Қанат Таймерденов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған дейін Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев төтенше жағдай кезінде (5-14 қаңтар аралығында) мәйітханаларға қаза тапқан 225 адам жеткізілгенін хабарлады. Серік Шалабаевтың сөзінше, олардың бір бөлігі — терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы қарақшылар. Қаза болғандардың 19-ы — полицейлер және әскери қызметкерлер. Қазақстан бойынша 4 578 жәбірленуші анықталды, оның 4 353-і жараланды, оның 3 393-і (78%-і) — құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Exit mobile version