Басты бет Қоғам ДСМ: Кейбір зардап шеккендер қазақ және орыс тілдерін білмеген

ДСМ: Кейбір зардап шеккендер қазақ және орыс тілдерін білмеген

Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендердің кейбірі дәрігерлердің сұрақтарын түсінбеген, қазақ және орыс тілдерін білмеген. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшынова айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбеген және мемлекеттік, орыс тілдерінде жауап бермеген және көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдардан рұқсатсыз кетіп, тіпті, белгісіз қарулы адамдардың сүйемелдеуімен реанимациядан шыққан жағдайлар болды, — деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Жаппай тәртіпсіздік кезінде денсаулық сақтаудың 20 объектісіне шабуыл жасалған, (5 аурухана, 1 емхана және 14 дәріхана) барлығы Алматыда орналасқан.

7 медицина қызметкері зардап шекті. Оның бесеуі Алматыда, біреуі Шымкентте және біреу Алматы облысында.

45 жедел медициналық жәрдем автокөлігі зақымданды: Алматыда 31, Шымкентте 7, Алматы облысында 5, Жамбыл облысында 2, оның ішінде 4 автомобиль жөндеуге келмейді.

Алматының үш медициналық клиникасы (1, 7, 12) шамамен үш тәулік бойы қоршауда болды, қызметкерлердің бұл кезеңде ауысымсыз, бірнеше тәулік бойы жұмыс істеді.  Науқастарға азық-түлік жеткізілмеді, дәрігерлер пациенттерге тамақ дайындады.

Exit mobile version