Басты бет Қоғам Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай аяқталды

Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай аяқталды

Ақмола мен Қостанай облыстарында төтенше жағдай аяқталды. Тиісті құжатқа президент қол қойды.

Фото. Media.az

Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №737, №743 жарлығымен енгізілген Ақмола облысының және Қостанай облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 15 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, — делінген құжатта.

Еске салайық, Қазақстанның барлық өңірінде төтенше жағдай террористік қауіпке байланысты тұрғындарының қауіпсіздігі үшін 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін енгізілген еді.

Exit mobile version