Басты бет Қоғам Бұрынғы энергетика министрі президенттің кеңесшісі болды

Бұрынғы энергетика министрі президенттің кеңесшісі болды

Мағзұм Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мағзұм Мырзағалиев. Фото: Primeminister.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін энергетика министрі болды. Ол бұл қызметті төрт ай атқарды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап ведомствоны Болат Ақшолақов басқарады.

Exit mobile version