Басты бет Қоғам Қазақстанның үш өңірінде төтенше жағдай күшін жояды

Қазақстанның үш өңірінде төтенше жағдай күшін жояды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің үш өңірінде төтенше жағдайдың күшін жою туралы жарлыққа қол қойды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Батыс Қазақстан облысының, Павлодар облысының, Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын, — делінген қаулыда.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, төтенше жағдай Қазақстанның барлық өңірінде террористік қауіпке байланысты тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін жарияланған еді.

Exit mobile version