Басты бет Медицина Нұр-Сұлтанда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Нұр-Сұлтанда оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Нұр-Сұлтанда омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сархат Бейсенова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде астанада қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге, ал оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшетінін айтты.

— қызметкерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналдың кемінде 80%-і;
— оқушыларды оқыту 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін;
— колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту 2022 жылғы 6 ақпанына дейін жүргізіледі.

Exit mobile version