Басты бет Қоғам Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына не себепті қатыспады?

Дариға Назарбаева мәжіліс отырысына не себепті қатыспады?

Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Дариға Назарбаева. Фото: 24.kz

 

Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда, — деді Жанна Ермекова.

Дариға Назарбаева 5 қаңтарда өткен мәжіліс отырысына қатыспаған.

Еске салайық, кеше, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың видеобайланыс арқылы мәжіліс отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды.

Президент сонымен бірге саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

Ал кешке үкіметтің жаңа құрамын бекітті.

Exit mobile version