Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы коронавирус: екі өңір «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстандағы коронавирус: екі өңір «қызыл» аймаққа өтті

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

Фото: 24.kz

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.

  • Айта кетейік, Алматы қаласы мен Атырау облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын. Сонымен қатар, «сары» аймаққа Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары өтті. Олар кеше «жасыл» аймақа тұрған өңірлер болатын.

Exit mobile version