Құрметті Үкімет мүшелері, еліміздің басына ауыртпалық түсіп тұрған қазіргідей күрделі кезеңде біз мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз керек. Біздер, Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономика өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, лаңкестер мен бұзақы, тонаушылар келтірген орасан шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыс істеуіміз қажет. Бұл осындай аса ауыр жағдайда әлі ешқандай Үкіметтің алдында болып көрмеген өте күрделі де ауқымды міндет. Біз біртұтас команда болуымыз керек, халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді, — деді Үкімет отырысын ашқан Әлихан Смайылов.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант қабылдады.