Басты бет Қоғам ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елден шығарылады

ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елден шығарылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ сарбаздары Қазақстаннан екі күннен кейін кететінін айтты.

Фото. Tass.ru

ҰҚШҰ бітімгершілік контингентінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін бітімгершілік контингентін шығару басталады. ҰҚШҰ әскерлері 10 күн ішінде шығарылады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысында президент Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмысын сынға алып, тәртіпсіздікті болдырмау кезінде салғырттық танытқанын атап өтті.

Exit mobile version