Басты бет Жаңалықтар Бүгін Алматыда Универсиада басталды

Бүгін Алматыда Универсиада басталды

Бүгін Алматыда XXVIII Бүкіләлемдік Универсиада басталады. Алғашқы сайыс хоккейшілер арасында өтеді, деп хабарлайды Inform.kz

Хоккей. Фото: Sports.kz

28 қаңтар күні Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медальға таласады. Ерлер командасы Халық Аренада, ал әйелдер — Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бақ сынайды.

Шайбалы хоккей — ерлер 12:30 — Словакия — Ұлыбритания, топтық кезең. 16:00 — Жапония — Латвия, топтық кезең. 19:30 — Қазақстан — Қытай, топтық кезең. Шайбалы хоккей — әйелдер 16:30 — Канада — Қытай, топтық кезең. 20:00 — Қазақстан — Ұлыбритания, топтық кезең.

Айта кетейік, «Халық Аренадағы» билеттің құны 500-700 теңгені, ал Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында билеттің бағасы — 300-500 теңгені құрайды. Қысқы Универсиада аясында алғашқы хоккей жарысы 1962 жылы Вилар қаласында (Швейцария) өткен. Сайысқа 4 ерлер командасы қатысқан. 2009 жылы Харбинде өткен 25-ші Қысқы Универсиада кезінде іс-шара бағдарламасына 6 елден қатысқан әйелдер командасы қосылды.

Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты ертең — 29 қаңтар күні өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version