Басты бет Жаңалықтар Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді. Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, жедел медициналық жәрдем станциясының 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды,- делінген хабарламада.

Exit mobile version