Басты бет Қоғам Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханаға жатты

Алматыдағы митингілерден кейін 40 адам ауруханаға жатты

Алматыдағы наразылық акцияларынан кейін 40 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Басқарма мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.

40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері және 53 азаматтық тұрғын бар, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы наразылық акцияларында 200-ден астам адам ұсталғанын хабарлаған еді.

Exit mobile version