Басты бет Жаңалықтар Дарина Құлсеитова «Әлем аруы» байқауында өнер көрсетті (Видео)

Дарина Құлсеитова «Әлем аруы» байқауында өнер көрсетті (Видео)

Қазақстандық Дарина Құлсеитова Манилде өтіп жатқан «Әлем аруы» байқауының жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Inform.kz.

Байқаудың жартылай финалына 86 үміткер қатысты. Олар үш кезең бойынша: өз-өздерін таныстырып, сахнаға кешкі көйлек пен шомылу киімінде шығып, өнер көрсетті.

Дарина Құлсейітова

Байқаудың финалдық кезеңі 29 қаңтар күні өтеді. Оған тек 12 ару жолдама алады. Еске салайық, биыл ұйымдастырушылар жаңа ереже енгізді, ол бойынша қазылар алқасы ТОП-11-ді өздері атайды, ал соңғы ару көрермендердің дауысымен анықталады. Бұған дейін Дарина Құлсеитова қазақстандықтардан өз дауыстарын беруді өтінген болатын.


Айта кетейік, «Әлем аруы» халықаралық байқауы осымен 65-ші рет өтіп отыр. Қазақстан атынан Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің 3-курс студенті, 19 жастағы Дарина Құлсеитова («Семей аруы») қатысуда.

Дарина «Әлем аруының» ақтық кезеңіне өтіп жатса сахна төріне қазақстандық белгілі дизайнер Аида Кауменованың ұлттық көйлегімен шығатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version