Басты бет Қоғам Ақтау мен Атырауда жаңажылдық отшашу болмайды

Ақтау мен Атырауда жаңажылдық отшашу болмайды

Еліміздің тағы екі қаласы жаңажылдық отшашудан бас тартты.

Фото: Viewy.ru

Ақтауда Ынтымақ алаңы мен қалаға шыршалар орнатылғанымен, жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени мерекелер өткізу жоспары жоқ екенін «Лада» басылымы жазды.

Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген, — делінген хабарламада.

Басылым өткен жылы да коронавирус пандемиясына байланысты жаңажылдық отшашу мен мерекелік концерттер тоқтатылғанын еске салады.

Атырау әкімдігі Atpress.kz тілшісіне коронавирусты алдын-алу мақсатында 31 желтоқсанда қалада мерекелік отшашулар ату жоспарланбаған. Әкімдіктегілер қаланы жаңа жылдық безендіруге ақша бөлмейтіндерін айтты.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атырауды былтырғы жасанды шыршалармен безендіреді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version