Мағзұм Мырзағалиев: Қазақстан биыл 67,6 миллион тонна мұнай экспорттаған

2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 миллион тонна болды. Экспорт 67,6 миллион тоннаға жетті. Мұнайды қайта өңдеу көлемі 17,1 миллион тонна және мұнай өнімдерін өндіру көлемі 13,1 миллион тонна болды, — деді министр.

Оның мәліметі бойынша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мұнай өндіру қарқыны өскен. Энергетика министрі «Теңіз» жобасының келешегіне тоқталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Теңіз» жобаларында мұнай өндіру көлемі 26,5 миллион тонна, газ өндіру көлемі 14,5 миллион тоннаға тең болды. Теңіз кен орнында құны 45,2 миллиард доллар болатын «Келешек» кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Бұл мұнай өндірісін жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 87% болды. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр, -деді ведомство басшысы.