Басты бет Жаңалықтар Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

Техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұр.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Musikkkkk

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа көліктерді есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

  • Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Exit mobile version