Басты бет Медицина Қазақстанның екі өңірінде кеше коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

Қазақстанның екі өңірінде кеше коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 342 дерегі тіркелді, 422 адам жазылып шықты.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Catalyst

Жаңа дерек Нұр-Сұлтан (+65) мен Қарағанды облысында (+51) көп тіркелді. Ал Ақтөбе мен Маңғыстау облысында өткен тәулікте бірде-бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталмады!

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 65;
Алматыда — 41;
Шымкентте – 3;
Ақмола облысында – 48;
Ақтөбе облысында — 0;
Алматы облысында — 10;
Атырау облысында — 3;
Шығыс Қазақстан облысында — 12;
Жамбыл облысында — 2;
Батыс Қазақстан облысында — 8;
Қарағанды облысында — 51;
Қостанай облысында — 17;
Қызылорда облысында — 2;
Маңғыстау облысында — 0;
Павлодар облысында — 44;
Солтүстік Қазақстан облысында — 35;
Түркістан облысында — 1.

Коронавирус

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 986 199-ға жетті, оның 957 689-ы жазылып шықты.

Exit mobile version