Басты бетҚоғамПрезидент журналист...

Президент журналист Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің ұлттық журналистиканың көшін ерге сүйреп келе жатқан қабырғалы қаламгер деп білеміз. Қалың жұртшылық өзіңізді қазақ баспасөзінің алыптар шоғырымен қызметтес болған, көсемсөздің қыры мен сырын бойына сіңірген кәсіби журналист деп құрметтейді, — деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында Жанболат Аупбаевтың еңбек жолында  «Лениншіл жас», «Халық кеңесі », «Ақиқат», «Егемен Қазақстан» сияқты еліміздегі беделді басылымдарда жемісті қызмет еткенін, кәсіби журналист ретінде қазақ баспасөзін дамыту үшін аянбай тер төккенін атап өтті.

Сіздің қаламыңыздан шыққан зерттеу еңбектеріңіз, танымдық, публицистикалық мақалаларыңыз бен очерктеріңіз оқырман қауымның ықыласына бөленді. Ұзақ жыл бойы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның бас басылымының қазіргі заманғы сай жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.