Басты бет Жаңалықтар СҚО-да белгісіз біреу зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алды

СҚО-да белгісіз біреу зейнеткердің 19 миллион теңгесін тартып алды

Белгісіз біреу 73 жастағы зейнеткерден ішінде 19 миллион теңге болған сөмкесін тартып алды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлады.

Фото: NewTimes.kz

Полиция қызметкерлері оқиға 21 желтоқсанда кешке Солнечный ауылындағы Тенистой көшесіндегі бір үйдің маңында болғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары бұзақыны іздестіріп жатыр.

Жәбірленуші қылмыскердің бет-әлпетін есіне түсіре алмағанын, бірақ бойы шамамен 170 сантиметр болатынын, беліне дейін күртеше кигенін айтты.

Бұл дерек қылмыстық кодекстің 191-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Тонау» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр; криминалдық полиция бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын алты топ құрылды, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция жасақтары жұмылдырылды. Оқиға болған аудан аулаларын аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр, жәбірленуші қай аралықта жүретіні пысықталады, — деді ведомство өкілі.

  • Полиция қызметкерлері қылмыс туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан бөлімшеге хабарлауды сұрайды.

Exit mobile version