Ақорданың баспасөз қызметі жіберген хабарламада:
«Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының назарына.
Мемлекет басшысы жалпыхалықтық талқылауға енгізген «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына ұсыныстар 2017 жылдың 26 қаңтарынан 2017 жылдың 26 ақпанына дейінгі кезеңде мына мекенжайда қабылданады:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Электронды пошта – ap2017@akorda.kz», — деп жазылған.
Мен міндетті түрде жіберем. Тек мен емес басқаларыңызда жіберіңіздер мүмкін ойларымыз бір жерден шығып, көптің сұранысымен ескеріліп қалар.
ООО, жақсы мүмкіндік. Міндетті түрде өз пікірімді жіберемін.
Оң өзгерістер енгізілгенін қалаймыз .Ата заңымыздың құзіреті одан әрі арта түскені жақсы.