Басты бет Қоғам Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болды

Ерлан Бекмұрзаев Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болды

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары болып Ерлан Бекмұрзаев тағайындалды. Ол мұның алдында астанадағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

Ерлан Бекмұрзаев

Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімнің бұрынғы орынбасары Малика Бектұрова басқа қызметке ауысуына байланысты Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Президент әкімшілігімен келісе отырып, 37 жастағы Ерлан Бекмұрзаев әкімнің орынбасары болды, — делінген хабарламада.

Ерлан Бекмұрзаев еңбек жолын 2007 жылы Астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы қызметін, 2017-2021 жылдар аралығында астананың инвестициялар және даму басқармасының орынбасары, бастығы болып жұмыс істеген. 2021 жылдан бастап Нұр-Сұлтандағы Алматы ауданының әкімі болды.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 15 жыл.

Exit mobile version