Басты бет Қоғам 28 желтоқсанда ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтеді

28 желтоқсанда ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтеді

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері басшыларының бейресми саммиті 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді.

Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан алынды

Бұл туралы РИА Новости-ге Ресейдегі Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев айтты.

28 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтеді, — деді ол.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін құрылған болатын. Қазір оның құрамында тоғыз мемлекет бар. Олар — Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан.

Exit mobile version