Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу қашанда жауапты іс. Бұл ең алдымен өзіңе, әріптестерімізге, халқымызға деген үлкен жауапкершілік. Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі рөлі — Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау. Тағайындау ештеңені білдірмейді, өз міндетімді атқара беремін, — деді Жандос Бүркітбаев БАҚ өкілдеріне.
Жандос Бүркітбаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың кетуіне қатысты мемлекеттік органдардың бірінші басшысын тағайындау, жұмыстан босату туралы шешімді жоғары басшылық қабылдайтынын айтты.
Тиісінше, бұған пікір білдіруім орынсыз. Мемлекеттік саяси қызметкер ретінде мен тапсырмаларды орындаймын, өкілеттіктер аясында міндеттерді орындаймын. Жұмыс жоспарлы, жүйелі жүргізіліп жатыр. Сол жоспар бойынша жүйел мәселелермен айналысып жатырмыз, — деп түйіндеді ол.
- Еске сала кетейік, бұған дейін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылғаны белгілі болды.
- Денсаулық сақтау министрлігі басшысының міндетін атқарушы болып вице-министр Жандос Бүркітбаев тағайындалды.