Басты бет Серіктестік материал Қаражат офлайнда қайтарыла ма немесе мобильді ақша аударымдарын немен алмастыруға болады?

Қаражат офлайнда қайтарыла ма немесе мобильді ақша аударымдарын немен алмастыруға болады?

25 қарашада ҚР Үкіметі Салық кодексіне түзетулер енгізді. Еліміздің басты фискалды құжатының жаңа нұсқасына президент әлі қол қойып үлгермесе де, ірі қалалар нарығында көп сұрақ туындай бастады. Қолма-қол ақшаға жаппай көшу қайта бастала ма? Бұл жайлы Jusan Bank АҚ Шағын және орта бизнес департаментінің директоры Битигов Асқармен сұхбаттастық.

— «Қолма-қол ақшаға» қатысты ажиотажды өзіңіз байқап, сезіндіңіз бе?

— Арнайы есептеулер жүргізбедік, бізді басқа көрсеткіш – шағын бөлшек саудадағы POS-терминалдар пайдаланушыларының баяу, бірақ тұрақты түрде өсу көрсеткішінің өзгерісі қызықтыруда. Шағын және микро-бизнес тәжірибелік жолмен өзі үшін салық органдарымен автоматты түрде қатынасу жайлылығын ашуда. Біз өз терминалдарымызға есеп айырысу-касса машинасын кіріктіріп жатырмыз, меншік иесіне енді есептерді құрастыру жайлы алаңдаудың қажеті жоқ – барлығы ашық, заңды, жылдам.

— Бірақ тегін емес, солай ғой?

— POS-терминалдарды біз тегін ұсынамыз, олармен жұмыс істеуді үйрету де тегін.  Оған қоса, бізде кәсіпкерлерге арналған Jusan Business қосымшасы бар – онда абоненттік төлемдер мен жасырын төлемдер жоқ. Ақылы тек бір нәрсе – бұл төлем қабылдау кезіндегі комиссия және айлық айналым  300 000 теңгеден аз болған жағдайдағы абоненттік төлем.  Бірақ бұл жерде біздің көрсеткіштеріміз «қарапайым»: абоненттік төлем 3000 теңгеден аспайды, терминал арқылы картамен төлеу кезіндегі комиссия – 1,5 %.

Асқар Битигов, дереккөз: Jusan Bank

— Бірақ такси жүргізушісі немесе көкөністер сатушысына  POS-терминал қолдану ыңғайсыз. Олардың жайы не болмақ?

— Бөлшек сауда тауарлары мен қызметтер үшін біз өз телефоныңызға орната алатын Jusan Tole қосымшасын әзірледік. Jusan Tole төлемге арналған QR-код қалыптастыруға мүмкіндік береді әрі бөліп төлеу мен кредитке қолжетімділік береді. QR-код бойынша біз бар-жоғы 0,8 % құрайтын ең төмен комиссияны ұсынамыз. Бұл біздің нарықтағы ең төмен пайыздардың бірі. Оған қоса, бұл жүйеге «бонустар» байланыстырылған  – 100% төлеген кезде кәсіпкердің клиенті сатып алу үшін 5%  бонус, ал оның кассирі  0,5% алады.

Мәселен, қазір қыс маусымы, адамдар базардан қымбат маусымдық киім сатып алады. Өзімізбен бірге ірі ақша алып жүрмейтін болдық, бұл ыңғайсыз әрі қауіпсіз емес. Ал Jusan Tole арқылы QR төлемі базарды қолма-қол емес ақшасыз аралауға ғана емес,  сырт киімді 70 мың теңгеге бір жылға, пайызсыз бөліп төлеуге сатып алуға болады.

Осы қосымшаны пайдалану үшін кәсіпкер Jusan bank-те шот ашуы керек, әрі ЖК бұны «өндірістен ажырамай», онлайн түрде Jusan Business қосымшасы арқылы жасай алады.

— Демек, қолма-қол ақшамен қиындықтар болмайды деп есептейсіз ғой?

— Бұл жерде мен қолма-қол ақшамен байланысты мәселені емес, ақпараттандыру бойынша мәселені көріп отырмын. Шағын және микро-бизнес меншік иелерінің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың арасында»таза» қолма-қол емес ақша төлемдері  қымбат әрі қиын деген қате түсінік бар. Міне, бұл түсінік дұрыс емес! Белгілі бір нәрсені қолма-қол ақшаға сата отырып, біз өзімізге де, клиенттерімізге де қиындық туғызатынымыз рас. Клиенттеріміз үшін қолжетімді болып қалуымыз керек және бұл мәселені шешу үшін смартфон немесе  POS-терминалға орнатуға немесе Jusan bank-те Jusan Tole орнатылып қойған Smart Pos-қа өтінім беруге және клиенттерге өздері үйреніп қалған және қауіпсіз төлем әдістерін пайдалану мүмкіндігін беретін Jusan Tole бар.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 07.04.21ж. берген №1.2.35/225/37 лицензия.

Exit mobile version