Басты бет Қоғам Шымкент әуежайында «жарылғыш зат қойылғаны» хабарланды

Шымкент әуежайында «жарылғыш зат қойылғаны» хабарланды

Шымкент әуежайында жарылғыш зат салынғаны туралы хабарламадан кейін адамдарды эвакуациялау басталды.

Фото:Vera.kz

Бұл туралы «Қазаэронавигацияның» баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Шымкент әуежайының электрон поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталған.

Бұл мәліметті жергілікті «Отырар ТВ» порталы да жазды. Сайттың хабарлауынша, жағдай бақылауға алынған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі алдағы уақытта оқиғаға қатысты түсініктеме беріледі деп сендірді.

Exit mobile version