Басты бет Медицина Елімізде 10 мыңнан астам жүкті әйел Pfizer вакцинасын салғызды

Елімізде 10 мыңнан астам жүкті әйел Pfizer вакцинасын салғызды

Коронавирустың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау бойынша ақпарат жариялады.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

12 желтоқсандағы жағдай бойынша, 182 679 адам коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының I-ші дозасын салдырған.

Оның ішінде 145 975-і жасөспірімдер.

Жүкті әйелдер – 10 716, бала емізетін әйелдер – 25 988, — делінген ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Елімізде жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер ерікті түрде коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын тегін салдыра алады.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін жалпы 8 856 816 адам, 2 — ші компонентін 8 290 398 адам салдырды.

Exit mobile version