Басты бет Жаңалықтар Астанада бүгін бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды

Астанада бүгін бастауыш класс оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтанда 13 желтоқсанда аязға байланысты бірінші ауысымдағы 0-4-класс оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Фото: Report.az

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның білім басқармасы хабарлады.

Нұр-Сұлтанның білім басқармасы 13 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымдағы 0-4-класс оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін астанада күн бұлтты, сынап бағаны таңғы уақытта 22 градус шамасында суықты көрсетіп тұр.

Exit mobile version