Басты бет Қоғам Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты изоляторда отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа жіберуге рұқсат берді.

Фото: Egemen.kz

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, тергеудің қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі «Қомақты көлемде пара алу» бойынша тергеліп жатыр.

Егер Бақытгүл Хаменованың кінәсі сотта дәлелденсе, параның 60 еселенген көлемінде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменованы Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстағаны хабарланған болатын.

Exit mobile version